Аймақтар • 02 Сәуір, 2018

Павлодардан  Өскеменге көмек керуені аттанды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіт алаңында  «Павлодарлықтар жәрдемі» атты қайырымдылық шарасы болып өтті.

Павлодардан  Өскеменге көмек керуені аттанды

Өңірдегі қала, аудан, ауыл мешіттеріне келетін тұрғындар азық-түлік, киім-кешек жинап Өскемен мен Семейдің  су тасқынынан зардап шегіп отырған ауылдарына көмек қолдарын  созды.

Мешіт  қызметкері Амантай Тойшыбайдың айтуынша, 2 аптада жұма күндері мешітке келген  жамағаттан  қап-қап киім–кешектер, 16,5 тонна ұн, 15 тонна күріш, қант, макарон, 1360 литр сұйық май жиналыпты. Арнайы комиссия (жамағат және имамдар, мешіт қызметшілерінен құралған) келген заттарды реттеп көліктерге тиеді.

Өскеменге қарай жолға шыққан қайырымдылық керуенін  Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің Бас имамы Жолдас Қоспақұлы бата беріп, жолға шығарып салды.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

 Павлодар

Суретті түсірген Аманати Тойшыбай